"Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" АҚ желісі бойынша жалға берілетін тұрғын үй алуға өтініш беру нұсқаулығы

1. Өтініш бергіңіз келетін бағдарламаны таңдаңыз:

2. Қажетті интерфейс тілін таңдаңыз және «Өтініш беру» түймесін басыңыз:

3. ЭЦҚ-ны компьютерге алдын ала орнатқаннан кейін "ЭЦҚ таңдау" батырмасын басыңыз, "Компьютер" кілтін сақтау түрін таңдаңыз және сізде кілтке жол ашылады, екі кілттен Auth деп аталатын файлды таңдаңыз. Кейін ЭЦҚ кілтіне пароль енгізіп, "Растау" батырмасын басыңыз:

4. Егер сіз бірінші қадамға өтсеңіз, өтініш формасын толтырыңыз, барлық деректерді міндетті түрде көрсетіңіз:

5. Екінші қадам: кезекте тұрған адам жұмыс істейтін жұмыспен қамту саласының санатын таңдау қажет:

6. Үшінші қадам: жұмыс орнынан анықтаманың сканерлеу нұсқасын тіркеңіз:

7. Төртінші қадам: жұбайының, сондай-ақ балалардың және отбасының басқа мүшелерінің деректерін (ТАӘ , ЖСН) көрсетіңіз. (егер бар болса):

8. Бесінші қадам: өтініш бергіңіз келетін бөлмелердің қажетті санын таңдаңыз:

9. Алтынші қадам: Ф-6 анықтамасын өзіңізге және барлық отбасы мүшелеріне тіркеңіз:

10. Барлық нысандарды толтырғаннан кейін, жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісетіндігіңізді тексеріп, "Қол қою және Жіберу" батырмасын басыңыз:

11. Әрі қарай, диалогтық терезеде ЭЦҚ кілтін компьютерге көшіргеннен кейін "Компьютер" сақтау жолын таңдаңыз. Содан кейін RSA файлын таңдап, құпия сөзді енгізіп, "Қол қою" түймесін басыңыз:

12. Сәтті өтініш бергеннен кейін сіз өтініш формасын PDF форматында жүктей аласыз. Сондай-ақ, оның көшірмесі Сізге көрсетілген электрондық пошта мекенжайына жіберіледі: