"Көпбалалы отбасылар" және "Халықтың әлеуметтік осал топтары" санаттары үшін "Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасы
бойынша жалға берілетін тұрғын үй беру қағидалары


Бұл бағдарламаға Астана қаласының коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге кезекте тұрған төмендегі санаттағы азаматтар қатыса алады:

1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

1-1) жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

1-2) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

2) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;

3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

4) кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;

5) жасы бойынша зейнеткерлер;

6) жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

7) қандастар;

8) экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;

9) көпбалалы отбасылар;

10) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқару кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

11) толық емес отбасылар.


Кезекте тұрғандар осы портал арқылы өтінім береді;

Өтінімдерді тек электронды түрде қабылдау;

Тұрғын үй түрі: Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй.

Қатысуға өтінімдерді кезекке қойылған барлық жылдардағы кезекте тұрған азаматтар бере алады, алайда қатысуға өтінім бергендер арасында басқалардан бұрын кезекте тұрғандар өтеді.