ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАРҒА ЖАУАПТАР
Бағдарлама қатысушысы 1, 2 немесе 3 бөлмелі пәтер алу үшін қандай табысқа ие болуы тиіс?
Қатысушының табысы объектінің құнына, пәтердің алаңына және өтініш берушінің өзге де міндеттемелеріне байланысты айқындалады.
Қатысушының төлем қабілеттілігін есептеу кезінде қолданыстағы басқа кредиттік міндеттемелерінің ай сайынғы сомалары есепке алынады ма?
Төлем қабілеттілігін есептеу кезінде барлық қаржы ұйымдарында қолданыстағы кредиттік міндеттемелер бойынша ай сайынғы төлемдер ескеріледі.
Қатысушының кәмелетке толған отбасы мүшелерінің табысы төлем қабілеттілігін есептеу кезінде есепке алынады ма?
Отбасының кәмелетке толған мүшелерінің табысы олар кепілгер ретінде тартылған жағдайда ескеріледі.
Төлемдер бойынша міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі бар ма?
Тұрғын үйді мерзімінен бұрын сатып алу сатып алу құқығымен жалдау шарты тіркелген күннен бастап мүмкін болады. Мерзімінен бұрын сатып алу тұрғын үйдің қалдық құнын мерзімінен бұрын төлеу арқылы жүзеге асырылады. Тұрғын үйдің қалдық құны мерзімінен бұрын сатып алған күннен бастап және сатып алу құқығымен жалға алу мерзімінің соңына дейін төлемдер кестесіне сәйкес қалған ай сайынғы жалдау төлемдерінің сомасына тең. Тұрғын үйді мерзімінен бұрын сатып алу үшін комиссия қарастырылмаған.
Негізгі жалға алушы қайтыс болған жағдайда тұрғын үймен не болады? Кәмелетке толған отбасы мүшелерінің жалдау шартын қайта рәсімдеуге құқығы бар ма?
Жалға алушы қайтыс болған жағдайда жалға берілетін тұрғын үйге құқықтар мен міндеттер ҚР заңнамасына сәйкес нотариус айқындаған мұрагерге берілетін болады.
Жалға алушы бюджет саласынан босатылған жағдайда қандай салдарлар қарастырылған?
Жалға алушы бюджет саласынан босатылған жағдайда жалдау шартының талаптары өзгермейді.
Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй алу үшін қатысушының шекті жасы қандай? Әлеуетті қатысушының зейнетақы алдындағы жасы ескеріле ме?
Бағдарламаның шарттары бойынша жалға алу мерзімі аяқталған сәтте жалға алушының жасы зейнеткерлікке шығу жасынан аспауы тиіс, алайда, егер жалға алушының жасы рұқсат етілген нормалардан асып кеткен жағдайда, жалға алушы жалға берілетін тұрғын үйді жас кепілгер тартылған жағдайда ала алады.
Қатысушыда табыс сомасы жеткіліксіз болған жағдайда қоса қарыз алушыны тарту мүмкіндігі бар ма?
Жалға алушы төлем қабілетті кепілгерді тарта алады.
Мен «Көп балалы отбасы» санаты бойынша тұрғын үйге кезекте тұрмын, қазір бала күтімі бойынша демалыста жүрмін, бірақ күйеуім Денсаулық сақтау басқармасының қызметкері, мен күйеуімнің жұмыс орнынан анықтама бере аламын ба?
Жоқ, тұрғын үйге кезекте тұрған адам қатысу үшін талап етілетін қызмет саласының қызметкері болуы керек